jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Бактериологиялық бомба": Түркістан облысында жалған ақпарат таратқан блогер жазаланды

    Youtube логотипі
    Youtube логотипі: pixabay.com

    Түркістан облысында телекоммуникация құралдары мен желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 63 жастағы блогер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. KAZ.NUR.KZ бұл туралы Жетісай аудандық сотының үкіміне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Үкімдегі мәлімет бойынша, 2023 жылдың шілдесінде ер адам YouTube-те жеке арнасын ашып, бейнежазбаларды тарата бастаған. Алайда ол таратқан ақпараттың дәлелі болмаған, ол жергілікті су жүйелерінде инфекциялық эпидемияға әкеп соғатын "бактериологиялық бомбалар бар" деп мәлімдеген.

    Сондай-ақ блогер Түркістан облысының әкіміне, өңір прокурорына және ҰҚКД басшысына, содан кейін Қазақстан президентіне ашық үндеулер жазған.

    Бұдан бөлек, Жетісай тұрғыны аудандық билік өкілдерін сыбайлас жемқорлар деп атай бастаған.

    Блогердің бұл сөзі уәкілетті органдардың назарына түсті. Жұқпалы қауіп туралы бірде-бір факт расталмаған. Сондай-ақ ол өзінің көзіне түскендердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы дәлелдер келтіре алмаған.

    Осылайша ер адам Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бабы және 378-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды (көрінеу жалған ақпарат тарату және билік өкілдерін қорлау). Сотта ол өзінің кінәсін толық мойындап, өкініп, кешірім сұрады.

    Сот үкімімен блогер кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу тағайындалды және бес жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

    Үкім күшіне енді.

    "Бактериологиялық бомба": Түркістан облысында жалған ақпарат таратқан блогер жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.