jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында колония бастығы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Қылмыстық іс бойынша құжаттар
    Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысындағы колониялардың бірінің бастығының орынбасарына қатысты пара алу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы облысындағы №57 колония бастығының орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ақпаратты облыстық прокуратура өкілдері растады.

    "Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс мәні бойынша қарауға Қонаев қалалық сотына жіберілді", - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья пара алса:

    • мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға;
    • не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
    Алматы облысында колония бастығы орынбасарының үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.