jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Директорды бопсалап, ақша талап еткен": Түркістан облысында екі блогер қамауға алынды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістан облысында бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі адам ұсталды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі адам ұсталды.

    Атап айтқанда А. және Е. есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 мың теңге талап еткен", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Қадағалаушы орган өкілдері осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

    Күдіктілер 2 айға қамауға алынған.

    "Директорды бопсалап, ақша талап еткен": Түркістан облысында екі блогер қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.