jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Түнгі клубта төбелескені үшін жұмыстан қуылған ақтаулық полицей қызметіне қайта кірісті

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтауда түнгі клубта төбелеске қатысып, жұмыстан қуылған жергілікті полиция қызметінің басшысы сот ісі өткеннен кейін қайта қызметке алынды. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылымның жазуынша, 2023 жылы түнгі клубта төбелесті деп айыпталып, жұмыстан шығарылған Ақтау полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.О. оған қатысты сот ісі өткеннен кейін қызметіне қайта алынды.

    Дереккөз ақпаратына сүйенсек, бұл іс Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергелген. Кейін тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған еді.

    Төбелеске қатысты деген күдікке ілінгендер – Ақтау қалалық ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы мен Мұнайлы аудандық ПБ патрульдік полиция ротасының командирі.

    Алайда жергілікті басылымның дерегінше, жақында әлеуметтік желіде "оқиғаға қатысушылардың бірінің Instagram-дағы парақшасына қарағанда, ол ішкі істер органдарында жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді" деген ақпарат пайда болды.

    Тілшілердің жазуынша, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері бұл ақпаратты растап, офицер сот шешімімен қызметіне қайта алынғанын хабарлады.

    Түнгі клубта төбелескені үшін жұмыстан қуылған ақтаулық полицей қызметіне қайта кірісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.