jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны сүрілді

    Заңсыз салынған автокөлік жуу қызметі
    Заңсыз салынған автокөлік жуу қызметі. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Кеше, 19 маусымда Алматыда сот екі жыл бұрын рұқсатсыз салынған құрылыс деп таныған көлік жуу орнын сүру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Солтүстік айналма жолы көшесінің солтүстігінде, Бекмаханов көшесінің батысында орналасқан учаскеде жоспардан тыс тексеру кезінде автокөлік жуу қызметінің рұқсат құжаты болмағаны, ол заңсыз тұрғызылғаны анықталған.

    "Басшылық Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен аудандық сотқа жүгінді.

    Бір күн бұрын меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен аталған нысанды өз еркімен сүру жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.

    Сүру жұмыстарын жүргізуге арналған алаң
    Сүру жұмыстарының алаңы. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Айта кетейік, соңғы уақытта Алматыда заңсыз салынған ғимараттар мен құрылыстар жиі сүріле бастағанын байқалады.

    Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны сүрілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.