jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Германияда өлі табылған қазақстандық экс-судьяның денесінде пышақ жарақаты болған

    Айгүл Сайлыбаева
    Айгүл Сайлыбаева. Фото: https://t.me/BILD_Russian

    Германияда қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қазасына қатысты іс тергеліп жатыр. Оның қолынан, мойынынан және бетінен пышақ жарақаттары анықталған. Бұл туралы Telegram-дағы "Bild на русском" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Telegram-дағы арнада жарияланған мәлімет бойынша, кейінгі жылдары Айгүл күйеуі, қызы және енесімен Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында тұрған. 4 маусымда таңертең Сайлыбаева екі жасар қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін Айгүлді ешкім көрмеген.

    "Біз төбелес болған, әйелге шабуыл жасалып, ол өзін-өзі қорғаған болуы керек деп топшылап отырмыз", - дейді тергеуші.

    Ал Германия прокуратурасы бұл іс бойынша әлі бірде-бір күдікті жоқ екенін хабарлады.

    Сондай-ақ Сайлыбаевамен бір уақытта оның Ресейден келген 49 жастағы енесі Наталья Донцова жоғалып кеткені хабарланды. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны да ешкім көрмеген. Қазір марқұмның қызы әкесінің жанында.

    Марқұмның 35 жастағы ағасы Қанат Сайлыбаев Қазақстаннан Германияға барған. Ол әпкесін елде жерлегісі келгенін айтады.

    "Екеуміз өте жақын болдық. Уайымдадық. Бұл Айгүлге мүлдем жат қылық еді. Ол әдетте хабарламаларға бес минуттың ішінде жауап беретін. Ата-анамыз онымен күн сайын сөйлесетін, соңғы рет 3 маусымда сөйлескен. Полицияға 5 маусымда ғана хабарладық.

    Айгүл ашық-жарқын, елгезек адам болатын. Қызын бәрінен қатты жақсы көретін. Айгүлдің өліміне кінәлі адам әділ жазасын алады деп үміттенемін", - дейді Қанат.

    Еске салсақ, 17 маусымда Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылғанын жазған едік.

    Германияда өлі табылған қазақстандық экс-судьяның денесінде пышақ жарақаты болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.