jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Дағыстандағы теракт: аудан басшысының ұлы қылмыстық топты ұйымдастырушы деп танылды

    Полицей көлігі
    Полицей көлігі. Фото: National Antiterrorism Committee / Handout/Anadolu via Getty Images

    Дағыстанның Жоғарғы соты Дағыстанда теракт жасау үшін ұйымдасқан қылмыстық топты Сергокалинск ауданының бұрынғы басшысының ұлы құрғанын хабарлады.

    РИА Новости агенттігінің елдің Жоғарғы сотына сілтеме жасап мәлімдеуінше, 31 жастағы Осман Омаров (Магомед Омаровтың ұлы) қылмыстық топ құрған.

    "Бір мақсатпен біріккен қылмыстық топ мүшелері Дағыстан Республикасының аумағында террорлық әрекеттер жасауға дайындалған", - деп жазды басылым авторлары.

    Сондай-ақ сот Осман Омаровтың қылмыс жасауға тікелей қатысу үшін сыбайластарынан оны қылмыстық топтың жалғыз басшысы деп тануын және оған ант беруін талап еткенін мәлімдеді.

    Еске салсақ, 23 маусымда кешке таман Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар болды. Терракт салдарынан оннан астам полицей мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза болғаны хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.