jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің экс-кеңесшісі әйелін ұрғаны үшін қамалды

    Сәкен Мамаш
    Сәкен Мамаш. Фото: facebook.com/saken.mamash

    Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің экс-кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана сотына сілтеме жасап.

    "Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісіне қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша істі қарады. Істің мән-жайы бойынша ол жанжал барысында жұбайына қатысты физикалық күш қолданған", - деді соттағылар.

    Істі сот ӘҚБтК санкциясы шеңберінде қарады.

    "Сот отырысы барысында М. және оның адвокаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдары арқылы дәлелденбегенін көрсетті. Сондай-ақ құқық бұзушылық жасалған орын елдің юрисдикциясына жатпайтынын, одан бөлек М.-ның әрекеттері қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде жеке тергеу жүргізіліп жатқан өзінің және жұбайының арасындағы отбасылық-тұрмыстық іс-әрекеттерге жататынын көрсетті", - деді тиісті орган өкілдері.

    Бұл ретте ӘҚБтК-нің 73-1-бабының санкциясы ескерту түріндегі жазаны немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды көздейді. Сот қаулысына сәйкес, елшінің кеңесшісі ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің экс-кеңесшісі әйелін ұрғаны үшін қамалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.