jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қарағанды облысында балабақша меңгерушісі жазаға тартылды

    Балалар ойын алаңы
    Балалар ойын алаңы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қарағанды ​​облысында балабақша меңгерушісіне абаттандыру және мекеме аумағын жеткіліксіз тазарту саласындағы бұзушылықтары үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның ақпараттық медиа-порталының хабарлауынша, "Таза Қазақстан" акциясы аясында полицейлер бірнеше мекемеге абаттандыру бағытында заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдарды бірнеше рет жолдаған.

    "Көбісі құлақ асып, аумақтарды тиісті түрге келтірді. Алайда аумақты тазарту олардың құзыретіне кірмейді деп санайтындар да бар. Оларға қатысты полицейлер қатаң шаралар қабылдап, әкімшілік жауапкершілікке тартты және айыппұл салды", - делінген хабарда.

    Айыппұл салынғандардың қатарында Қарағанды ​​облысындағы пәтерлер мен үйлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты ұйым, балабақша меңгерушісі, мейрамхана мен супермаркет иелері, Қарағанды орталығындағы құрылыс алаңының басшысы бар.

    Оларға 369 мың теңгеге дейінгі айыппұл салынды. Егер олар белгіленген мерзімде аумақтарды ретке келтірмесе, айтарлықтай көп мөлшерде айыппұлдар салынады.

    "Облысты қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда", - деп атап өтті ведомстводан.

    Еске сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20 АЕК (73 840 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК (110 760 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК (147 680 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

    Қарағанды облысында балабақша меңгерушісі жазаға тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.