jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Пәтер сатып алмақ болған Астана тұрғыны 4 млн теңгесінен айырылып қалды

    Ақша санап отырған адам
    Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астананың 61 жастағы тұрғыны пәтер алуға көмектесуге уәде берген әйелге алданып, 4 млн теңгесінен айырылып қалды. Алаяққа тап болған азамат бірден полиция арыз жазған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, елорданың 61 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, пәтер алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірген.

    "Алаяқ бағдарлама арқылы тұрғын үй-жайды сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен 4 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденгені анықталды. Байқоңыр ауданы ПБ полиция қызметкерлері 42 жастағы әйелді анықтады. Ол кінәсін мойындады", - делінген ресми хабарламада.

    42 жастағы әйел жауап беру барысында қолма-қол ақшаны жылжымайтын мүлікті сатып алу қызметін көрсететін басқа адамға бергенін айтты.

    Aлаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.