jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыда үлескерлердің 290 млн теңгесін иемденген алаяқ сотталды

    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаске
    Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаске. Көрнекі сурет: AndreyPopov/Getty Images

    Алматыда Наурызбай ауданының прокуратурасы үлескерлердің қаражатын тарту жөнінде заңсыз қызметке байланысты алаяқтықтың жолын кесті. Айыпталушы 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

    "2022 жылы Flora City Stroy ЖШС директоры "К" есімді азамат Instagram әлеуметтік желісінде, krisha.kz сайтында құрылыс салуға рұқсат қағазынсыз "Lantana" және "Flora" ТК құрылысының басталуы туралы жарнама берген.

    Одан кейін тұрғын сатып алушыларды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану жолымен алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасап, 290 млн теңге мөлшерінде 34 үлескердің ақшасын иеленген", - делінген хабарда.

    Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Бостандық ауданының полиция басқармасына жолданды.

    Бостандық аудандық сотының 2024 жылғы 21 маусымдағы үкімімен "К" есімді азаматты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

    Қадағалаушы орган мәліметінше, алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін сатылады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде қырағы болуға және рұқсат беру, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттардың болуын тексеруге шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.