jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында үйінде есірткі сақтады деген ер адам ұсталды

    Есірткі сақтаған тұрғын
    Есірткі сақтаған тұрғын. Фото: polisia.kz

    Түркістан облысында полиция тұрғыннан марихуана тәркіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz медиапорталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Медиа-порталдың хабарлауынша, Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

    Тінту кезінде полицейлер аудан тұрғынының құрылысы бітпеген тұрғын үйіне жасырылған, ішінде есірткіге ұқсас заты бар пакетті тәркіледі. 

    Сараптамаға сәйкес, есірткінің жалпы салмағы шамамен 14 грамм марихуана болып шықты. Ер адам өз жауабында есірткіні мал жайып жүргенде тауып алып, өзі тұтыну үшін сақтағанын жеткізді.

    Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Түркістан облысында үйінде есірткі сақтады деген ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.