Ақтауда кәсіпкерден бір млн теңге мен 6 көлік бопсалаған күдіктілер ұсталды
Опубликовано:
Маңғыстау облысының полицейлері прокуратурамен бірлесе, ЖШС басшылығынан ақша мен көлік бопсалады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Бұл туралы ведомство Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Күдіктілер кәсіподақ ұйымының жетекшілері бола тұра, белгілі бір ақпарат таратып, жұмыс процесін тоқтатамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге және 6 "Тойота Хилюкс" автокөлігін талап еткен.
"Көрсетілген сома аударылғаннан кейін қоғамдық бірлестік төрағасы мен оның көмекшісі, сондай-ақ ақшаны алуға қатысы бар делдал ұсталды.
Бұл ретте делдалдың қалтасынан және көлігінен өсімдік тектес заты бар 12 қаптама тәркіленіп, сараптама тағайындалды", - делінген хабарда.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер Ақтау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысы бар басқа адамдарды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2140585-aqtauda-kasipkerden-bir-mln-tengge-men-6-kolik-bopsalagan-kudiktiler-ustaldy/