jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қостанайда бес жасар қыз зорлық-зомбылыққа ұшырады: үш бала күдікке ілінді

    Бетін жауып, жылап тұрған кішкентай қыз. Көрнекі сурет
    Бетін жауып, жылап тұрған кішкентай қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қостанайда бес жасар қыз жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырады. Зорлыққа үш баланың қатысы бар деген болжам бар. Облыстық полиция департаменті осы жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл ақпарат Telegram-дағы Egov.press арнасында тарады.

    Арна мәліметінше, Қостанайда 8, 12 және 13 жастағы ұлдар бес жасар қызды шекесінен таспен ұрып, зорлық көрсеткен.

    "Қыздың анасының айтуынша, балалар қызға айтып қоймасын деп бір қап ойыншық берген. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізді, ал балалар кінәсін мойындады, бірақ заң бойынша олар жауапқа тартылмайды", - делінген хабарламада

    Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне кәмелеттік жасақа толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    Сондай-ақ полиция өкілдері бұл іске қатысты барлық қажет тергеу шарасы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    "Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, басқа ақпарат жарияланбайды", - деді ПД өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.