jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Нұртас Адамбайға қатысты бүгінге жоспарланған сот отырысы өтпей қалды

    Нұртас Адамбай
    Фото: Instagram/nurtasadambay

    Бүгін, 1 тамызда Астанада өтуге тиіс болған Нұртас Адамбайға қатысты әкімшілік іс бойынша сот отырысы кейінге қалдырылылды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Нұртас Адамбаевқа қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды, қай күні болатыны белгісіз", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, сот кеңсесінің мәліметінше, Нұртас Адамбайға қатысты ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы бойынша Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды деген айып тағылған. Атап айтқанда, діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзу бойынша айып тағылған.

    Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып жатыр.

    Бұған дейін сот тыңдауы 1 тамызда WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.

    Еске салсақ, жақында Нұртас Адамбай желіде бірнеше жазба жариялап, елді таңғалдырған еді. Нұртас Адамбай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен, Белорусь президенті Александр Лукашенкодан, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.