jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қазақстанда есірткі өндіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    есірткі
    Есірткі өндірісі. Фото: polisia.kz

    Депутаттар есірткі өндіруге тағайындалатын жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдату мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазіргі уақытта парламент мәжілісі есірткі өндіруге тағайындалатын жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдату мәселесін пысықтауда. Бұл бастаманы көпшілік те қолдап жатыр.

    Бүгінде есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартуға қарсы және оны өндіргені үшін жауапкершілікті күшейтуді қолдайтын азаматтардың петициясы қарауға алынды.

    Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда есірткі зертханалары санының өсуі байқалады. Осы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойды.

    Алматының өзінде есірткі өндірісіне қатысты 11 факті тіркелді. Ал екінші орынды Алматы облысы иеленді, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісінің қызметін тоқтатты. Есірткі өндірушілерден 200 кг-нан астам "синтетика" мен екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

    Қазақстанда есірткі өндіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.