jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірген адам Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді

    Денис Тен
    Денис Тен. Фото: ҰОК

    Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Іс судьяға жіберіліп, 8 тамызда қаралады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Кассациялық шағым туралы ақпарат Жоғарғы сот сайтындағы сот кеңсесінде пайда болды. Дегенмен іс материалдары жарияланбаған.

    Іс биыл 16 шілдеде судьяға жіберілгені, ал сот отырысы 8 тамызда өтетіні көрсетілген.

    Айта кетейік, сот кеңсесінде бір ғана сотталушының аты-жөні көрсетілген. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін сотталған Нұралы Қиясовқа қатысты оның кассациялық шағым түсірген-түсірмегені туралы мәлімет жоқ.

    Скриншот
    Скриншот: Сот кабинеті

    Еске сала кетсек, 2018 жылы 19 маусымда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Артынша, спортшының өліміне күдіктілер ұсталды.

    Олардың бірі Жамбыл облысының тұрғыны Нұралы Қиясов болса, екіншісі Қызылорда облысының азаматы Арман Құдайбергенов болып шықты. Олар 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сонымен бірге қылмысты жасырды деп айыпталған Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.