jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қостанайлық жігіт анасы мен әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді

    Қолында пышағы бар ер адам
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

    Қостанай облысының тұрғыны анасы мен әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Зардап шеккендер ем қабылдап жатыр, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Қостанай облысының 21 жастағы тұрғыны анасы мен әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді.
    • Зардап шеккендер амбулаторлық ем қабылдап жатыр, ал күдікті облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылды.
    • Полиция департаменті "Екі адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Қостанай облысында 21 жастағы жігіт өзінің 62 жастағы анасы мен 37 жастағы әпкесіне пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

    "Қазіргі уақытта күдікті облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылды. "Екі адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарда.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

    Еске салсақ, Шымкентте 53 жастағы ер адам әйеліне пышақпен шабуыл жасап, үш айлық сәбиді теуіп, лақтырып жіберген деген күдікке ілінген еді.

    Қалалық полиция департаменті факт бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.