jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда бір жасар сәби күйіп қалған: қылмыстық іс қозғалды

    Бала жетектеп бара жатқан әйел
    Әйел мен бала. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атыраулық әйел баласының денесінде күйік ізі барын байқап, полицияға хабарласқан. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Атырау қалалық ПБ мәліметінше, 15 тамызда әйел бір жасар баласының денесінен күйікке ұқсас жарақат байқаған. Бүлдіршін балабақшаға барып жүрген.

    "Кешенді тексеру жүргізілді. Балалар емханасы дәрігерлерінің қорытындысы бойынша 2023 жылы туылған баланың екінші дәрежелі күйік алғаны анықталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Ведомство мәліметінше, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция басқа ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.

    Айта кетейік, тамыз айының ортасында Екібастұздағы балабақшада бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойғаны белгілі болды.

    Сонымен қатар жақында Атырауда балабақша күтушісі бүлдіршінді ұрды деген күдікке ілінген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

    Атырауда бір жасар сәби күйіп қалған: қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.