jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында шетелдіктер арасында атыс шыққаны рас па

    Тапанша ұстаған ер адам
    Тапанша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Желіде Түркістан облысында шетелдіктер арасында атыс шыққаны туралы ақпарат тарады. Түркістан облысы полиция департаменті өкілдері осы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Telegram-дағы Egov.press арнасында Түркістан облысында шетелдіктер арасында атыс болғаны туралы ақпарат жарияланды.

    "Кейбір дереккөздерден жеткен ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысы Қарабұлақ ауылында шетелдіктер арасында атыс болған.

    Оқырмандар екі адам зардап шеккенін айтып жатыр", - делінген жазбада.

    Полиция департаменті өкілдері бұл жайтты жоққа шығарды.

    "Әлеуметтік желілерде жарияланған Сайрам ауданы ауылдарының бірінде шетелдіктер арасындағы атыс туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Баршаңызды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.

    Сонымен қатар полиция Түркістан облысының Сайрам ауданында құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жергілікті іс-шаралар жүргізіп жатыр. Іс-шара барысында 500-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", - деді облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Түркістан облысында шетелдіктер арасында атыс шыққаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.