jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    12 қылмыс бойынша айып тағылған: Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне қатысты пікір білдірді

    Павел Дуров
    Павел Дуров. Фото: instagram.com/durov

    Франция прокуратурасы бірнеше күн бұрын Парижде ұсталған Павел Дуровтың ісіне қатысты тың дерек ұсынды. Қазіргі уақытта кәсіпкер тұтқында отыр.

    Дуров 28 тамызға дейін қамауда отыруы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости Париж прокуратурасына сілтеме жасап. Ведомство Дуровқа қарсы іс 8 шілде ашылғанын, оған 12 қылмыс бойынша айып тағылғанын хабарлады.

    Ал РБК ақпараты бойынша, осы айыптаулардың ішінде билікпен ынтымақтастықтан бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерін сақтауға және таратуға қатысу, есірткі заттарын сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға, сатуға немесе беруге қатысу, ұйымдасқан топ құрамындағы алаяқтыққа қатысу, сондай-ақ криптовалюта құралдарын пайдалану бар.

    Еске салсақ, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынғанын хабарладық.

    Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-дың негізін қалаушы және бас директоры жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

    Кейін франциялық БАҚ 24 тамызда Францияда ұсталған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

    12 қылмыс бойынша айып тағылған: Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.