"Күйеуі өз ата-анасына да қол көтереді": Түркістанда көпбалалы ана қорлық көріп келген
Жарияланған күні:

Күйеуі құмар ойындармен әуестеніп, нашақорлыққа салынған тағы бір көпбалалы ана зорлық-зомбылыққа ұшыраған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vera.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістандық 32 жастағы көпбалалы ана күйеуінің зорлық-зомбылығынан аман қалды. Төрт баласы бар жас келіншек зиянды әдеттердің қауіпті торына түскен күйеуімен ажырасқысы келеді – ол онлайн казиноларда ойнап, синтетикалық есірткіге тәуелді болып қалған.
"Бұл оқиға да басқалары сияқты жақсы басталған. Мектепте қазақ тілінің мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген қыз болашақ жарымен танысады, содан кейін тұрмысқа шығады. Балалы болған жас отбасы бірге жақсы өмір сүріп жатады. Проблеманың бәрі ата-енесі өз үйлерінде тұруға шақырған кезде басталыпты. Күйеуі күтпеген жерден жұмысын тастап, кейінірек белгілі болғандай, онлайн казинода ақша тіге бастапты. Осылайша ол пайда табудың орнына барынан айырылып, отбасын несиеге, қарызға батырған. Оған анасы да, әйелі де несие алып беріп отырған. Бұл аз болғандай, күйеуі синтетикалық есірткімен әуестенген. Олардың айтуынша, бұған бас кезінде есірткіні тегін бөліскен сыныптастары себеп болыпты. Міне, осылайша отбасының шырқы бұзылып, күйеуі өзін-өзі ұстай алмайтын тиранға айналған", - дейді "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова.
Көпбалалы келіншектің ата-енесі бұл проблеманы үлкен ұлдарының көмегімен, түрлі тыйымдармен шешуге тырысып, оның да, өз қарыздарын да жабуға тырысқан. Алайда одан ештеңе шықпай, ер адам қайта қарызға кірген, сөйтіп әйеліне жасырын келіп, көмек сұрап тұрған.
"Ол түн жамылып терезеден кіріп жүрген. Келіншек күйеуін аяп, оны түзеліп кетер деп үміттенген, сондықтан оның келіп жүргенін ата-анасынан жасырған. Алайда ол жыныстық жолмен берілетін ауру жұқтырғанын білген кезде ұялып емханаға барған. Тағы бір күні күйеуі қайта келгенде, оны кіргізбей қойған. Бұған ашуланған күйеуі оны ұрып-соғып, үйден кетіп қалған. Міне, ол біздің орталыққа осылай тап болды. Келіншек тергеушімен бірге келіп, сот-медициналық сараптама жүргізілді. Күйеуі өз ата-анасына да қол көтереді", - дейді Малика Әбдірашқызы.
Қазір бұл әйел бізде психотерапиядан өтіп жатыр, балалары балабақша мен мектепке қабылданып, оған АӘК рәсімделіп жатыр. Күйеуіммен наркологтар мен психотерапевтер де жұмыс істеуде, деп нақтылады дағдарыс орталығының директоры.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2159088-kuieui-oz-ata-anasyna-da-qol-koteredi-turkistanda-kopbalaly-ana-qorlyq-korip-kelgen/