jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында қаскөйлер зират басында екі адамды атып кеткен

    Тапанша ұстап тұрған ер адам
    Тапанша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақмола облысының Ақкөл қаласында екі адамды өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл оқиға туралы қаза тапқандардың бірінің анасының бейне хабарламасынан белгілі болды.

    Оның айтуынша, қайғылы оқиға 11 тамызда болған. Оның 26 жастағы ұлы екі күдіктімен қақтығысқа түскен.

    "Менің ұлым спортшы, қоян-қолтық жекпе-жек жаттықтырушысы болды, өзі үшін тұра алды. Мұны біле отырып, олар оны досымен бірге қаладан алып кетті. Зиратқа апарып, көліктен шыққаннан кейін К. оларды атуды бастады. Менің ұлымды атқаннан кейін, оның досын атып өлтірді. Үшіншісі қашып, жасырынып үлгерді", — деді әйел.

    Оның ұлы ауруханаға барар жолда көз жұмған. Ал досы келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Екеуінің де артында кішкентай балалары қалды.

    Аймақ полициясы болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

    "Полиция департаменті Ақкөл қаласының екі тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Күдікті адамдар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ұсталды және қамауға алынды. Тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ақмола облысында қаскөйлер зират басында екі адамды атып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.