jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ИА
    Ислам Аманқос
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысында сотталушы өзгенің құжатымен түрмеге түскен

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Жамбыл облысында ер адам қылмыс жасап, өзгенің құжатымен сотталып, түрмеде отыр. Ал құжат иесі бостандықта жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

    Телеарна ақпаратынша, жағдай биыл Қызылорда қаласында болған. Ұсақ қылмысы үшін ұсталған күдікті жеке басы анықталмастан, қалтасындағы інісінің құжатымен тергеліп, қылмыстық іс қозғалған. Кейін інісінің атымен үш жылға сотталған.

    Сотталушының анасы Венера Мұхитдинова ұлы Қызылордаға жұмыс істеуге кеткенін айтты. Ол екінші ұлының құжатын байқаусызда сотты болған баласының киімдеріне салып жіберген.

    "Ол сотқа бізді шақырған да жоқ. Қолға түскенін хабарлаған да жоқ. Соттың болғанын біз білмейміз. Сонда ол баланың айтқаны: "менің осындай айлығымды бермеді, содан амал жоқ, ұрлыққа бардым" деді. Мен емеспін, бұл менің інім деп айтқан. Сөйтіп ол тергеушілер сенбеген бе, әйтеуір інісінің құжатымен тіркеп жіберген", - деді анасы.

    Ержан Болатов, яғни құжат иесі, қазір бостандықта жүргенімен, өз қауіпсіздігі үшін қатты алаңдайды.

    "Інімнің төлқұжаты деп айтқан. Ол кісілер оған сенбей, Махамбет емес, Ержан қылып соттатып жіберген. Негізі Ержан — мен. Қазір мені ұстап алса, "неге еркіндікте жүрсің, сен сотталған адамсың" деп, мені алып кетуі мүмкін. Мен содан қорқамын", - деді ол.

    Жағдай бойынша Жамбыл облысының құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады. Мекеме басшылары құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    "Тергеуші келіп кеткен. Бір апта бұрын. Болатовтан түсініктеме алып кетті, қалай сотталғаны бойынша. Тексеріс жүргізіп жатыр. Бұған дейін құжаттан шикілік шыққанын сотталған азамат жергілікті прокуратура қызметкерлеріне хабарлаған. Мамандар сарапшылардың көмегімен сотталушының сөзінің растығын анықтапты. Осылайша Қызылорда облысының прокурорлары бұл құжаттарды қайта рәсімдеуді бастаған", - деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекеме бастығы Руслан Уразметов.

    Жамбыл облысы прокуратурасы Ержан Болатовтың берген түсініктемелері шындыққа сәйкес келетінін анықтап, оның кінәсіздігін дәлелдеген. Енді құжаттарды қайта рәсімдеуге екі айға жуық уақыт кетеді дейді. Мұндай қателікке жол берген құқық қорғау қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

    Дереккөз: КТК

    Жамбыл облысында сотталушы өзгенің құжатымен түрмеге түскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.