jitsu gif
Оқыс оқиға

    Тоқаев ішкі істер министріне Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандарды шұғыл түрде табуды тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің баспасөз хатшысыныңның мәліметінше, мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

    "Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын", - деп жазды Берік Уәли.

    Еске сала кетейік, желіде әскери формада киінген жас жігітті ұрып-соғып, балағаттап жатқанын көрсететін видео тараған болатын. Оқиғаға қатысты Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі түсініктеме берді.

    "2024 жылғы 23 қыркүйекте "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Әскери полициясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабының 1-бөлігі "Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. баспасөз қызметі хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.