jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды (видео)

    Шымкентте есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды
    Шымкентте есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Скриншот: instagram.com/police_shymkent

    Шымкентте граффити түрінде есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында граффити түрінде есірткі жарнамалағаны үшін Д. есімді азаматты ұстаған.

    "34 жастағы қала тұрғынының үйінен есірткі сататын сайттарды ғимарат қабырғаларына бейнелеуге арналған 6 дана трафарет табылып, тәркіленді. Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тергеу әрекеттерін бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Есірткі заттарын насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін заңнамаға сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

    Еске салайық, Алматы облысы Балқаш ауданында шаруа қожалығы аумағында есірткі плантациясын ұйымдастырды деген күдікпен 50 жастағы ер адам ұсталған еді.

    Сондай-ақ Астана полицейлері көлікті тінту кезінде есірткі заты бар 35 пластик пакет тапқанын жазғанбыз.

    Шымкентте есірткі жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.