jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда 15 жастағы қыз жыныстық зорлық-зомбылық көрген соң еркінен тыс тұрмысқа шыққанын айтты

    Жасөспірім қыз
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде 15 жасар атыраулық қыздың жыныстық зорлық-зомбылық көрген соң күйеуге еркінен тыс шыққаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бойжеткеннің айтуынша, оны 20 жастағы жігіт зорлаған көрінеді, содан кейін ата-анасы оны күштеп тұрмысқа берген. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің сөзінше, ол қазір жүктіліктің төртінші айында.

    Сонымен қатар жасөспірім қыз күйеуі мен оның туыстарының тарапынан физикалық қысым көргенін айтады.

    Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі NUR.KZ тілшісіне оқиғаға қатысты түсінік берді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Тергеудің бастапқы кезеңінде жәбірленуші тарап қажетті сот-медициналық және психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартты, бұл қылмысты толық тергеу мақсатында кешенді тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі келтірді.

    Әлеуметтік желіде тараған деректер тексеріледі және тергеу қайта жалғасады", - деп хабарлады департаменттегілер.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында 24 жастағы мұғалім мен мектеп оқушысының арасында интимдік қарым-қатынас болуы мүмкін деген ақпарат пайда болған еді. Қазір бұл факті бойынша облыстық полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

    Атырауда 15 жастағы қыз жыныстық зорлық-зомбылық көрген соң еркінен тыс тұрмысқа шыққанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.