jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында жасөспірім қыздар мектеп оқушысынан ақша бопсалаған

    Жасөспірім қыз қарап тұр
    Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: freepik.com

    Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыздан ақша бопсалаған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Пд бастығының хабарлауынша, Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты.

    "Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды", - делінген жазбада.

    Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының полиция басқармасында тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.

    "Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда", - деп қосты Әленов.

    Алматы облысында жасөспірім қыздар мектеп оқушысынан ақша бопсалаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.