jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Кім ақшаны көбірек лақтырады, сол – жеңімпаз": Астанада жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған күдікті ұсталды

    Желілер
    Фото: pixabay.com

    Елордада полицейлер алаяқтың қылмыстық схемасын әшкереледі. 17 жастағы жігіт жалған ұтыс ойынын ұйымдастырып, жалпы сомасы жарты млн теңге ақша алған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталында.

    Полицейлердің мәлімдеуінше, Telegram интернет-ресурсы арқылы ең көп оқырмандары бар танымал арналарды жалға алған. Содан кейін, ұтыс ойынын сылтауратып, хабарламалар жариялап, сипаттаманың астына: "Кім ақшаны көбірек лақтырады, сол – жеңімпаз" деген жарнама орналастырған. Осылайша, басқа біреудің мүлкін иемденуге бағытталған тікелей қылмыстық ниетімен алдау және сенімге кіру арқылы арна абоненттерінен ақша алған. Жалпы шығын сомасы шамамен жарты миллион теңгеге жеткен.

    "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол азаматтардан алаяқтық жолмен ақша алған 17 жастағы жасөспірім болып шықты", - делінген ІІМ хабарламасында.

    Жігіт өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 7 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

    "Кім ақшаны көбірек лақтырады, сол – жеңімпаз": Астанада жалған ұтыс ойынын ұйымдастырған күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.