jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматылық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

    Тәртіп сақшысы
    Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    Алматы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонына бірыңғай саптүзеу өткізді.

    "Құрметті әріптестер! Қаламыздағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі сіздердің шұғыл әрекет етулеріңізге және нәтижелі жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Алматы полициясының алдыңғы қатарлы материалдық-техникалық базасы бар және қылмысқа қарсы күресуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау ішкі істер органдарының бірінші кезектегі міндеті екенін әрқашан есте ұстаған жөн", - деді Арыстанғани Заппаров.

    Сондай-ақ Алматы полициясының басшысы Ішкі істер министрлігінің қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу жөніндегі басым тұжырымдамаларының бірін жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

    Тексеру барысында алдыңғы шептегі бөлімшелердің киімі мен техникалық құралдары тексерілді. Ал жоғары нәтиже көрсеткен полиция қызметкерлерін ПД басшылығы марапаттады.

    Алматылық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.