jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Талғардағы бозбала өлімі: полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларға қатысты мәлімдеме жасады

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ

    Талғарда жасөспірім қаза болған жердегі бейнебақылау камерасындағы жазбалар өшірілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарап жатыр.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазба полиция тарабынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген Алматы облыстық прлиция департаментінің Instagram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

    Полицич өкілдері тергеу барысында барлық бейнежазба зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

    "Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - делінген жазбада.

    Талғардағы жасөспірім өлімі

    Бұған дейін желіде Талғардағы дүкендердің бірінің маңында атыс дауысы естілгені туралы ақпарат тарады. Полицейлердің хабарлауынша, 4 қазанға қараған түні жанжал болып, ол төбелеске ұласқан. Жанжал салдарынан екі ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың бірі – 16 жастағы бозбала алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланған болатын.

    Кейін тәртіп сақшылары күдіктілердің ұсталған сәті түсірілген кадрларды көрсетті.

    Оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапқаны, төбелес қаза тапқан баланың отбасы жалдаған дүкендегі жанжалдан басталғаны белгілі болды.

    Кейін қаза тапқан жасөспірімнің әкесі жанайқайын жеткізді. Видеода марқұм Шерзат Болаттың әкесі сот ашық әрі әділ өтуін талап еткен болатын.

    Талғардағы бозбала өлімі: полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларға қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.