jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Ашық талқылау керек шығар": депутат Марат Қожаев Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты пікір білдірді

    Шерзат
    Шерзат. Кадр из видео: телеканал КТК

    Сенат кулуарында жақында тағайындалған сенатор Марат Қожаев Талғардағы оқиға жөнінде пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Депутат Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты ашық сот өткізу жөнінде ойын айтты.

    "Ашық сот болуы соттың шешіміне байланысты. Қазіргі кезде қоғамның талабы ашық сот болсын дейді. Ол керек пе, керек емес пе? Кейбіреулерге ол театр сияқты болып кетеді. Менің ойымша, қоғамның осындай күрделі мәселелерін ашық түрде талқылау керек шығар", - деді ол.

    Сондай-ақ депутат "Тергеу құпиялығын сақтау туралы 201-бапты өзгерту керек деген ұсынысты құптайсыз ба?" деген сұраққа жауап берді.

    "Жоқ, ол арнайы бап. 201-бап қылмыстық істің мән-жайын анықтағанда, адамның жеке құқықтары бұзылмасын деген бап",- деді ол.

    Айта кетейік, қайғылы жағдай 4 қазанға қараған түні болған. Дүкендегі жанжал соңы төбелеске ұласқан. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың бірі алған алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланған болатын.

    Оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапқаны, төбелес қаза тапқан баланың отбасы жалдаған дүкендегі жанжалдан басталғаны белгілі болды.

    Артынша тәртіп сақшылары күдіктілердің ұсталған сәті түсірілген кадрларды көрсетті.

    Кейін қаза тапқан жасөспірімнің әкесі видеоүндеу жасап, жанайқайын жеткізді. Видеода марқұм Шерзат Болаттың әкесі сот ашық әрі әділ өтуін талап еткен болатын.

    8 қазанда Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу топ жұмыс атқарып жатқанын хабарлаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.