Алматыда жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды
Опубликовано:
Читать на русском
Бір күн бұрын жоғалып кеткен алматылық Ермек Жақыпжановтың денесі қала сыртында табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, 10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінде 42 жастағы ер адам өлі табылды. Бір күн бұрын Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.
"Полицейлер адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда мегаполис тұрғыны Ермек Жақыпжановтың бір күн бұрын жоғалып кеткені хабарланған болатын. Еріктілердің айтуынша, ер адам таңертең ерте үйден көлігімен шығып кеткен. Полицейлер дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2172739-almatyda-zhogalyp-ketken-turgynnyng-denesi-tabyldy/