Семейде қоқыс жәшігінен табылған нәресте оқиғасына қатысты полиция өкілдері мәлімдеме жасады
Опубликовано:
Абай облыстық полиция департаменті өкілдері қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестеге қатысты қылмыстық іс ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Семейде жаңа туған нәрестенің денесін табу факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында оқиғаның куәгерлері мен бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп жатыр. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды", - делінген облыстық полиция департаментінің Telegram-дағы арнасында.
Еске сала кетейік, 13 қазанда Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды. Абай облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова жансақтау бөліміне түскен қыз бала көп ұзамай шетінеп кеткенін мәлімдеді.
Кейіннен сәбиін қоқыс жәшігіне тастады деп күдікке ілінген әйелді тұрғындар байқап қалғаны белгілі болды. Алайда олар жәшіктің ішінде бала болғанын білмеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2174274-semeide-qoqys-zhashiginen-tabylgan-nareste-oqigasyna-bailanysty-politsiia-malimdeme-zhasady/