jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Өскеменде түн ортасында пышақпен әйелге тап берген ер адамды тоқтатқан студент алғысқа бөленді (видео)

    Алмас Елемес
    Алмас Елемес. Видеодан кадр: instagram.com/prokuratura_oskemen

    Өскеменде студент жігіт кісі өлімінің алдын алып, қауіпті қылмыскерді ұстап берген. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстан-Америка еркін университетінің 3-курс студенті Алмас Елемес маусымда курьер болып жұмыс істеп жүргенде жақын маңда көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген. Алмас пен бірнеше курьер жігіт бірден дауыс шыққан жаққа қарай жүгіреді.

    Сол жерде олар қолына пышақ ұстап тұрған ер адамды көрген. Ол әйелдің бетіне және денесіне бірнеше рет пышақпен соққы беріп үлгеріпті. Кейін ер адам мен әйелдің бұрын азаматтық некеде болғаны анықталған.

    Прокурорлардың мәлімдеуінше, зор батылдық танытқан Алмас қорықпай, мас әрі ашулы күйдегі қылмыскерді қарусыздандырып, полиция келгенге дейін ұстап тұрған.

    Зардап шеккен әйел жүрегі мен өкпесіндегі ауыр жарақаттарға қарамастан аман қалған.

    Қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

    "Алмас Елемес өз басын қатерге тігіп, адам өмірін сақтап қалды. Оның батыл әрекеті – зор құрметке лайық нағыз азаматтық батылдықтың үлгісі.

    Қала прокуратурасы Алмасқа батылдығы мен қиын сәтте көмектесуге дайын болғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл жағдай нағыз батырлар біздің арамызда жүруі мүмкін екенін көрсетеді", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Өскеменде түн ортасында пышақпен әйелге тап берген ер адамды тоқтатқан студент алғысқа бөленді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.