jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркістанда ер адам Алматыға жетіп алу үшін көлік ұрлаған

    Ұрланған көлік. Фото
    Ұрланған көлік. Фото: Polisia.kz

    Түркістанда 60 жастағы Алматы тұрғыны үйіне жетіп алу үшін өзге біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Полицейлер көлікті Алматыдан тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Күдікті күндізгі сағат 14:30 шамасында автотұрақта тұрған ВАЗ-2107 автокөлігіне көзі түскен. Ер адам алдымен күдік тудырмас үшін ұрланған көліктің нөмірлерін шешіп алып, дәл сондай өз көлігінің нөмірлерін орнатқан. Кейін көліктің есігін бұрағыш құралымен ашып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

    Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Алматы қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Еске салайық, Қарағанды облысында осыған ұқсас жағдай болған еді. Теміртау тұрғынынан ұрланған көлік жарты жылдан кейін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласынан табылған болатын.

    Түркістанда ер адам Алматыға жетіп алу үшін көлік ұрлаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.