jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Фото: freepik.com

    "Интергаз Орталық Азия" АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды. Бұл туралы Антикор ресми Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Ресми ақпаратқа сәйкес, Қызылорда қалалық соты "Интергаз Орталық Азия" Акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н. Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.

    "Ол "Orda Glass LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және "Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу" объектісі бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 млн теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, ол объектіні салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталды.

    Сот үкімімен Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    "Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

    Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.