jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық әйелге әкімдік тартып алған тұрғын үй қайтарылды

    Үйдің кілті
    Есікте тұрған үйдің кілті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Тараз тұрғынына әкімдік тартып алған үй қайтарылды. Бұл баспана тұрғынға үш жыл бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген. Бұл жөнінде Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Тараз тұрғыны сотқа жергілікті атқарушы органға тұрғын үй комиссиясының жалдау шартын бұзу және оның күшін жою туралы шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген.

    Талап қоюшыға 2021 жылғы шілдеде тұрғын үй комиссиясының шешімімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй берілген.

    "Алайда 2022 жылғы желтоқсанда мұрагерлік тәртібімен алынған, талап қоюшыға тіркелген жылжымайтын мүліктің болуына, сондай-ақ талап қоюшының қызметтік пәтерде тұрмауына байланысты, жасалған шарт біржақты тәртіппен бұзылған", - делінген сот хабарламасында.

    Талап қоюшы осы шешіммен келіспей, сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот шешімімен талабы қанағаттандырылған.

    Жауапкер сот актісіне шағымданып, қабылданған шешімнің заңсыздығын көрсетіп, оның күшін жоюды сұраған.

    Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы 1-сатыдағы соттың комиссия шешімінің заңсыздығы туралы қорытындыларымен келіскен.

    "Талап қоюшының меншігінде тұрғын үйдегі үлесінің 1/8 болуы оны тұрғын үйге мұқтаж деп тануға кедергі болмайды, өйткені талап қоюшыға тиесілі тұрғын үй алаңының мөлшері пайдалы алаңның нормативінен аз", - деп түсіндірді сот өкілдері.

    Сонымен қатар талап қоюшының қызметтік пәтерде тұрмауы дәлелдермен расталмаған, өйткені сотқа ұсынылған актілерді әкімдік қызметкері біржақты тәртіппен жасаған.

    Мемлекеттік орган сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағымданған.

    Осылайша сот талап қоюшының құқықтарын қалпына келтірді.

    Шешім заңды күшіне енді.

    Қазақстандық әйелге әкімдік тартып алған тұрғын үй қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.