jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Блокбекеттер қойылды": Талғарда зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетті

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Алматы облысында зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақпарат Telegram-дағы "Письма президента" арнасында жарияланды. Онда қашып кеткен адам бірінші өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған.

    Кейін облыстық ПД өкілдері ақпаратты растады.

    "Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды", - делінген ПД өкілдерінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген жауабында.

    Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.

    Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.