jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістанда ер адам бұрынғы әйелінің туысымен жанжалдасып, пышақ жарақатын алды

    Қолында пышағы бар ер адам
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

    Түркістанда ер адам бұрынғы жұбайының туысымен жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні ұстау шаралары қабылданып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тұрмыстық жанжал негізінде болған "кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Бұрынғы жұбайындағы балаларды көру үшін келген жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Осы кезде онымен әйелінің туысы арасында жанжал болып, ер адам пышақ жарақатын алған.

    Күдіктінің жеке басы анықталды және оны ұстау шаралары қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны, тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайтыны айтылды

    Түркістанда ер адам бұрынғы әйелінің туысымен жанжалдасып, пышақ жарақатын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.