"Үй иесін пышақпен қорқытқан": Шымкентте екі адам тапа-тал түсте пәтер тонаған (видео)
Жарияланған күні:

Шымкентте пәтер тонаған тараздық екі азамат ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі ер адам тапа-тал түсте біреудің пәтеріне ұрлыққа түскен. Бірнеше секундтан кейін үй иесі де келіп қалған.
"Олар үй иесін пышақпен қорқытып, алтын бұйымдар мен ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі – 800 мың теңге", - делінген полиция хабарламасында.
Жәбірленуші болған оқиға туралы полицияға хабарлаған. Абай аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, барлық куәгерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерген.
Күдіктілер Тараз қаласында ұсталды. Қазір олар қамауда отыр, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Мұндай қылмыстардың құрбаны болмас үшін құқық қорғау органдары қырағы болуға және сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Еске салайық, Түркістанда 60 жастағы ер адам Алматыға жетіп алу үшін көлік ұрлағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2177828-ui-iesin-pyshaqpen-qorqytqan-shymkentte-eki-adam-tapa-tal-tuste-pater-tonagan-video/