Оқыс оқиға

Зектілері

Түркістанда бұрынғы жездесін пышақтап, қашып кеткен күдікті ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Күдікті ұсталды
Күдікті ұсталды. Фото: Polisia.kz

Түркістанда полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталған күдікті ер адамды ұстап, қамауға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті тұрмыстық жанжал кезінде бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Ер адам өз әрекетін мойындаған. Қазір ол қамауға алынды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне орай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды", - делінген полиция хабарламасында.

Осыған дейін Түркістанда ер адам бұрынғы жұбайының туысымен жанжал кезінде пышақ жарақатын алғанын жазған едік. Жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2178069-turkistanda-buryngy-zhezdesin-pyshaqtap-qashyp-ketken-kudikti-ustaldy-video/