jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда есірткі сатқан Telegram-арналар бұғатталды

    Telegram мессенджері
    Telegram мессенджері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда прокурорлар есірткі тарататын және ломбард қызметін ұсынған Telegram-дағы 16 арнаны жауып тастады. Бұл туралы қадағалау органының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы қаласы прокуратурасының ақпаратына сәйкес, бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылған 16 Telegram-арнаны бұғаттады.

    Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар "закладчик" жұмысы ұсынылғаны анықталды.

    Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.

    "Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады", - делінген хабарламада.

    Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.

    Алматыда есірткі сатқан Telegram-арналар бұғатталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.