Оқыс оқиға

Зектілері

Түркістан облысында мас ер адам біреудің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті

Жарияланған күні:

Мас ер адам жол апатын жасады
Мас ер адам жол апатын жасады. Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы Төле би ауданында өзгенің көлігін айдап кетіп, жол апатын жасаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің медиапорталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға таңғы сағат 06:00 шамасында болған. Мас күйдегі ер адам жылынып алатын орын іздеп, біреудің үйінің алдында тұрған Lexus автокөлігін байқаған. Көліктің есігі кілттенбеген болып шықты. Осы сәтті пайдаланған ол көлікке кіріп, жылынып алып, шарап ішуін жалғастырған.

Кейін ер адам көліктің кілтін тауып, айдап кеткен. Салдарынан ол рөлді басқара алмай, Opel Vektra көлігіне соғылып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Түркістанда ер адам Алматыға жетіп алу үшін көлік ұрлағанын жазған едік. Тәртіп сақшылары көлікті Алматыдан тауып, заңды иесіне қайтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2178402-turkistan-oblysynda-mas-er-adam-bireuding-koligin-aidap-ketip-zhol-apatyna-tusti/