jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында полиция аң аулау ережелерін бұзған үш тұрғынды жауапқа тартты

    "Браконьер" іс-шарасы
    "Браконьер" іс-шарасы. Фото: polisia.kz

    Түркістан облысында полиция аң аулау ережелерін бұзған үш тұрғынды жауапқа тартты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданы аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтаған.

    Жергілікті полиция қызметкерлері аң аулау ережелерін бұзған үш жергілікті тұрғынға шара қолданған.

    "Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды. Жалпы іс-шараны өткізу кезінде тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың үш фактісін анықтады, ал құқық бұзушылар жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

    Осы тұста құқыққорғау қызметкерлері "Браконьер" іс-шарасы браконьерлікке қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесуге, заңсыз аң аулау мен табиғи ресурстардың айналымына байланысты фактілерді анықтауға бағытталғанын еске салды.

    Түркістан облысында полиция аң аулау ережелерін бұзған үш тұрғынды жауапқа тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.