jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркістан облысының тұрғыны ЭЦҚ-ларды пайдалану арқылы 200 млн теңге жымқырған

    Ақша
    Көрнекі фото: depositphotos.com

    Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Атап айтқанда, Сауран ауданының тұрғыны "О" деген азамат 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия (203 млн теңге) алған. 

    Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке елеулі залал келтірілген.

    "Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген",- делінген сот хабарламасында.

    Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

    Түркістан облысының тұрғыны ЭЦҚ-ларды пайдалану арқылы 200 млн теңге жымқырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.