jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда белгілі топтың концертінің афишасында есірткі сататын ресурстың QR коды ілінген

    Күдіктілерді ұстау сәті
    Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

    Медеу ауданының полицейлері Абай даңғылындағы аялдамалардың бірінде есірткіні жарнамалаған жастарды ұстады. Онда үш жігіт танымал топтың концертінің жарнамасының қасына есірткі сататын ресурстың QR кодын ілген, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    ІІМ мәліметінше, үш жігіт танымал топтың концертінің жарнамасын іліп жатқан.

    "Бір қарағанда, еш зияны жоқ сияқты көрінді. Алайда жарнаманың QR коды күдік тудырды. Одан өткеннен кейін адам есірткі сататын ресурсқа түседі. Ұсталғандардың арасында ерлі-зайыпты жұпта бар. Жастар оңай жолмен ақша табу үшін "жұмыс істеу" ұсынысына алданып қалғандарын мойындады. Тәжірибе бойынша есірткі жарнамалаушыларды жақсы табыспен қызықтырады, бірақ бұл қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратын тұзақ", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

    Үш адам қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, жедел-іздестіру шараларымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Жыл басынан бері есірткі сатуды жарнамалайтын 10 мыңға жуық граффити суреті табылып, жойылды. Сонымен қатар есірткі тарату және жарнамалаумен айналысатын 415 интернет-ресурс анықталды және бұғатталды.

    Алматыда белгілі топтың концертінің афишасында есірткі сататын ресурстың QR коды ілінген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.