jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді

    "Синтетиканы" анықтаған сәт
    "Синтетиканы" анықтаған сәт. Фото: Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

    Шымкентте 21 жастағы шетелдік азамат "синтетика" таратумен айналысқан. Оны қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады, деп хабарлайды polisia.kz.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында ер адамнан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленген. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады.

    Қазір ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

    Осы ретте тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертті.

    Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.