jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында Ұлттық ұлан сарбаздары үш жасар қыздың өмірін сақтап қалды

    Ұлттық ұлан сарбаздары
    Ұлттық ұлан сарбаздары. Фото: polisia.kz

    Түркістан облысында ІІМ Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұстамасы басталған 3 жасар қыздың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 қараша күні сағат 14.00 шамасында Құдайбергенов көшесіндегі дүкендердің бірінде болған. Volkswagen көлігінен қолында кішкентай қыз бар ер адам жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған.

    Бұл жағдайды байқаған әскери қызметшілер ойланбастан көмекке ұмтылады. Қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков жағдайды бағалап, дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі. Осы уақытта сержант Жанболат Дүйсенбай жедел жәрдем шақырады.

    Ал уақытылы көрсетілген алғашқы медициналық көмек жедел жәрдем келгенге дейін қыздың жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берген. Әскери қызметшілердің кәсібилігі мен табандылығы баланың жағдайын тұрақтандыруда шешуші рөл атқарған.

    "Біз әрқашан мұқтаж адамдарға көмектесуге дайынбыз. Бұл біздің жұмысымыз және жауапкершілігіміз", - деп атап өтті қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков.

    Қыздың отбасы әскери қызметшілерге жедел әрекеттері мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді. Қазір балақайдың жағдайы тұрақты.

    Түркістан облысында Ұлттық ұлан сарбаздары үш жасар қыздың өмірін сақтап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.