Жамбыл облысында көлік нөмірін қағазбен жауып қойған азамат жүргізуші құқығынан айырылды
Опубликовано:

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын автокөлікті басқарғаны үшін ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Басылым мәліметіне сүйенсек, Sitrak көлігі Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар жолының 564-шақырымында тоқтатылған. Тексеру барысында жүргізуші мемлекеттік нөмірлердегі әріптерді қызыл қағазбен жауып тастағаны анықталды.
Ол тауарды Ташкент қаласынан Алматы облысына тасымалдаушы болып шықты. Ер адамға қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған көлiк құралын басқару бойынша хаттама жасалды.
Көлік айып тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша ер адамға қатысты бір тәулікке қамауға алу және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2184657-zhambyl-oblysynda-kolik-nomirin-qagazben-zhauyp-qoigan-azamat-zhurgizushi-quqygynan-aiyryldy/